×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз кенет тоқтап, жолаушылар жарақат алды

Бүгін, 09:21
Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз кенет тоқтап, жолаушылар жарақат алды
gov.kz

Жезқазған-Астана қатынасындағы жолаушылар пойызы күтпеген жерден тоқтап, жолаушылар жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

24 тамызда сағат 21:38 – де Қызылжар – Түйемойнақ аралығында (Жарық – Жезқазған учаскесі)  №107 Жезқазған-Астана қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда 12 км/сағ жылдамдықпен жүк вагонының жолда болуына байланысты  шұғыл тежегішті басып, тоқтаған.

Локомотив бригадасының әрекеті арқасында елеулі зардаптар болмаған. Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар қатты тежеу нәтижесінде жеңіл жарақат алды.

Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ.

СЕБЕП

Оқиға себептері анықталуда. Мән-жайларды анықтау үшін Басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті.

Серіктес жаңалықтары