×
535.99
626.36
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.99
626.36
6.64

Қазақстандағы 11 әуежайға байланысты тергеу басталды

Бүгін, 18:07
Қазақстандағы 11 әуежайға байланысты тергеу басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы 11 әуежайға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Агенттік авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастады:

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ, «Шымкент әуежайы» АҚ, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» АҚ, «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС, «Жезқазған-Эйр» әуе компаниясы» АҚ.

Сонымен қатар авиакеросинді қайталама көтерме өткізу нарығындағы жеткізушілерге қатысты да тексерулер жүргізілуде.

АМӨЗ-ГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРІС

Бүгінгі күні агенттік 2023 жылы мұнайды қайта өңдеу қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру түріндегі үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Серіктес жаңалықтары