×
533.87
621.64
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.87
621.64
6.64

Алаяқтар 1414-тен sms жіберіп, халықты алдап жатыр

Бүгін, 17:33
Алаяқтар 1414-тен sms жіберіп, халықты алдап жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Алаяқтар 1414-тен sms жіберіп, халықты алдап жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Мәдиев бастысы цифрлық гигиенаны сақтау керек дейді. 

- Хабарлама келсе де банк, eGov қызметкерлері ешқашан жіберген кодты сұрамайды. Сондықтан киберқауіпсіздікке қатысты курстар бар, тренингтер бар. Кибергигиенаны көбейту керек. Қауіпсіздікті күшейтуге қатысты жұмыстарды да жүргізіп жатырмыз, дейді Мәдиев. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтардың атына ҰҚК атынан әрекет ететін алаяқтардың алаяқтық деректері тіркеліп жатқанын хабарлаған болатын

Сонымен қатар, Қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схемалары туралы ескерту жасалды. Алматы облысының тұрғыны бейтаныс әйелдің «кепілдендірілген» грант беремін деген уәдесіне сеніп, екі миллион теңгесінен айырылып қалған.

Серіктес жаңалықтары