×
537.63
622.52
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.63
622.52
6.69

Астанада көпбалалы ананы үй кезегінен шығарып тастаған

Бүгін, 12:45
Астанада көпбалалы ананы үй кезегінен шығарып тастаған
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада көпбалалы ана үй кезегінен шығарылды. Ол 2009 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Бұған қоса, ол мемлекеттік қызметші санаты және «Алтын алқа» иегері көпбалалы ана ретінде де тіркелген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кезектен шығару себебі

Астаналық әйелді үй кезегінен шығару себебі – оның жұбайының атына жылжымайтын мүлік тіркелгені болды. Алайда дау туындаған сәтте бұл мүлік әлдеқашан басқаға сатылып кеткен.

Сот шешімі

Бірінші және апелляциялық инстанция соттары әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы әрекеттерін заңсыз деп танып, әйелді кезекке қайта қоюды міндеттеді. Жаңадан құрылған кассациялық сот та бұл шешімдерді заңды деп тапты.

– Бұрын санитарлық және техникалық талаптарға сай келмеген тұрғын үйдің болғаны, егер азамат қазіргі таңда әлі де баспанаға мұқтаж болса, оны кезектен шығаруға негіз бола алмайды, – деп түсіндірді сотта.

Серіктес жаңалықтары