×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: 250-ден астам адам қаза тапты

Бүгін, 11:46
Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: 250-ден астам адам қаза тапты
Видеодан алынған кадр

Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Кейінгі мәліметтерге сәйкес, кемінде 250 адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

АҚШ Геологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері Нангархар провинциясындағы Джелалабад қаласынан 27 шақырым солтүстік-шығыста тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы небары 8 шақырым тереңдікте болған, бұл оның қиратқыш күшін күшейтті.

20 минуттан кейін дәл осы аймақта магнитудасы 4,5 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Дүмпулерді Кунар таулы провинциясының тұрғындары да сезінді, деп жазады Euronews.

Бірқатар ауданда шикі кірпіштен және тастан салынған үйлер қираған. Құтқарушылар аман қалғандарды табу үшін үйінділерді аршып жатыр.

ҚҰРБАНДАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Биліктің хабарлауынша, Нур-Гул, Соки, Ватпур, Маноги және Чападар аудандарында қаза тапқандар саны 250-ден асты. Бұған дейін Нангархар денсаулық сақтау басқармасының өкілі Накибулла Рахими ауруханаға зардап шеккен 15 адам жеткізілгенін айтқан еді, алайда кейін ведомство жекелеген ауылдарда ондаған адамның қаза болғанын растады. Қайғылы оқиғаның нақты ауқымы әзірге белгісіз, алдын ала болжам бойынша, құрбандар саны жүздеген адамға жетуі мүмкін.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 2023 жылғы 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын жойқын жер сілкінісі мен бірнеше афтершок болған. Ол кезде талибтер билігінің дерегінше, 4 мыңнан астам адам көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары