×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Алматы облысында олигархтардан қайтарылған қаржыға жаңа медпункт ашылды

01.09.2025, 13:47
Алматы облысында олигархтардан қайтарылған қаржыға жаңа медпункт ашылды
Ulysmedia коллажы

Алматы облысында қайтарылған активтердің есебінен жаңа медициналық пункт іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл қаржы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталуда.

Соның аясында Іле ауданының Көктөрек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Медициналық мекеме алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған заманауи жабдықтармен қамтылған. Енді ауылдың 2 мыңнан астам тұрғыны аудан орталығына шықпай-ақ, жергілікті жерде медициналық қызмет ала алады.

КОНТЕКСТ

Прокуратураның мәліметінше, облыста мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Оның 26-сы – денсаулық сақтау саласындағы мекеме.

Активтерді қайтару және оларды қоғам игілігіне пайдалану жұмыстары жалғаса бермек.

Серіктес жаңалықтары