×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Алматыда "Навальныйдың штабына қатысы бар" делінген Ресей азаматы ұсталды

Бүгін, 18:21
Алматыда "Навальныйдың штабына қатысы бар" делінген Ресей азаматы ұсталды
Фото: 7kun.kz

Алматы әуежайында ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың штабына қатысы бар делінген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Orda.kz сайтының жазуынша, оқырмандарының бірі редакцияға хат жолдап, Алматы әуежайында ресейлік белсенді ұсталғанын хабарлаған. Басылым мәліметінше, ұсталған адам түрмеде жұмбақ жағдайда қаза болған ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың штабына қатысы болуы мүмкін.

«Оның аты Юлия Емельянованың үстінен Навальный штабында жұмыс істегені үшін қылмыстық іс қозғалған», – деп жазылған редакцияға жолданған хатта.

Алматының көліктегі полиция департаменті Orda сайтына әуежайда Ресей азаматы ұсталғанын растаған.

«Тексеру кезінде әйелдің мүліктік қылмыс жасады деген күдік бойынша мемлекетаралық іздеуде болғаны анықталды», – деген полиция.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оны Ресейге экстрадициялауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары