×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Тағы бір ел АЭС салу үшін Ресеймен бірлеспек

Бүгін, 08:00
Тағы бір ел АЭС салу үшін Ресеймен бірлеспек
pixabay.com

Үндістан билігі Ресеймен бірлесіп стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үндістан шағын атом электр станцияларын салу жобалары аясында Ресеймен күш біріктіруге дайын. Әңгіме құрлықтағы және қалқымалы АЭС-тер, сондай-ақ жылдам нейтронды реакторлар туралы болып отыр. Тиісті мәлімдемені Қытайда өткен ШЫҰ саммитінің аясында Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев жасады.

– Бұл, әрине, ынтымақтастықты күшейту мен жандандыруды білдіреді, ең алдымен Үндістанда біздің реакторларды салу тұрғысынан, – деп Лихачевтің сөзін ura.ru басылымы келтіреді.

ЖОСПАР

Лихачевтің айтуынша, Үндістан билігі атом энергетикасының қуатын ауқымды арттыруды ресми түрде күн тәртібіне енгізген. Қазірдің өзінде елде жалпы қуаты шамамен тоғыз гигаватт болатын АЭС-тер жұмыс істеп тұр. 2047–2048 жылдарға қарай Үндістан бұл көрсеткішті он еседен астам көбейтуді – 100 гигаваттқа жеткізуді жоспарлап отыр.

КОНТЕКСТ

8 тамызда Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыру басталды. Консорциумның жетекшісі – "Росатом". Елде стратегиялық нысанға ең үздік атау табуға арналған конкурс өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары