Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы «Нұр Отан» партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саясаттан кеткен соң шетелде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Екі жыл БАӘ-де білім алып, жұмыс істеген
Бұл туралы оның туған әпкесі Айгүл Байбек NegeAqsha-ға айтты. Оның сөзінше, мемлекеттік және қоғамдық қызметтен босағаннан кейін ол екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде оқып, жұмыс істеген. Бұл кезеңде Байбек Қазақстандағы жобаларға шетелдік инвестиция тартумен айналысқан.
Жапониядағы жобалар
Соңғы бір жарым жыл ішінде ол Жапонияда қызмет атқарып жүр.
- Соңғы бір жарым жылда ол Жапонияда жұмыс істеп, Қазақстанда енгізу үшін жапон капиталы мен ноу-хауды тарта отырып, инновациялық жобаларды дамытып жүр, дейді әпкесі.
Айгүл Байбектің сөзінше, 2022 жылдың наурыз айынан бастап Бауыржан Байбек «онлайн» режимде кеңесші ретінде жұмыс істеп жүр екен.
- Ақмола облысында ең озық неміс технологиясымен салалық өңдеу өндірісін құруға инвестиция салып жатқан «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі, дейді Айгүл Байбек.
Сот
Еске салайық, бұған дейін қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат сотта Перизат Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұраған болатын.
Айгүл Байбек
Сонымен қатар, Бауыржан Байбектің әпкесінің аты сотталған жалғызбасты ананың туыстары ұйымдастырған баспасөз мәслихатында аталды.