×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

Құрылысшылар Бақытжан Базарбекті "алдап" кеткен

Бүгін, 08:31
Құрылысшылар Бақытжан Базарбекті "алдап" кеткен
Ашық дереккөзден

Алматыда заңға қайшы 40 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл туралы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың мәлімдемесі

Мәжілісменнің айтуынша, Rams Beyond атты 40 қабатты ғимараттың құрылысы қаладағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының жұмысты тоқтату туралы ресми нұсқамасына қарамастан жүріп жатқан.

- Бұл – заң мен мемлекеттік органдарға ашық қарсылық. Бүгін мен басқармамен байланысып, құрылыс-монтаж жұмыстарына мәжбүрлі түрде тыйым салуды талап еттім, – деді Базарбек.

Құрылыс уақытша тоқтады

Кейін депутат құрылыс жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлады. Ол бұл мәселені Мәжілістің пленарлық отырысында қайта көтеретінін жеткізді.

Контекст

Алматылықтар Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан алып тұрғын үй кешеніне қарсы шыққан болатын. Бұған дейін Базарбек нысан құрылысын тоқтату туралы ресми құжат тапсырған еді.

Серіктес жаңалықтары