×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде никабпен кіруге тыйым салынған

Бүгін, 09:18
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде никабпен кіруге тыйым салынған
Фото: Threads

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде никабпен кіруге тыйым салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

- Елестетіп көріңіздерші, енді Алматыдағы ірі сауда орталығы мұсылман әйелдердің құқығын шектеп отыр. Шынымды айтсам, сөз жоқ. Бұл — ашық исламофобия. Басқалары қалай ойлайтынын білмеймін, бірақ мен бұдан былай мұнда кірмеймін. Никаб кимесем де, бұл жолы шектен шыққан сияқты, дейді жазба авторы. 

Бұған жауап ретінде тағы бір Threads қолданушысы елде паранжа мен никабқа тыйым салынғанын жазған. 

ЗАҢ

Еске салайық, 30 маусымда Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынған болатын. Сол күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды. 

Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынуы туралы шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отырғанын атап өтті

Серіктес жаңалықтары