×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

Депутат Абзал Құспан: "Абаевтың Қазақстан халқының 95% орысша сөйлейді" дегені ұят"

Бүгін, 15:18
Депутат Абзал Құспан: "Абаевтың Қазақстан халқының 95% орысша сөйлейді" дегені ұят"
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Абзал Құспан соңғы күндері қоғамда қызу талқыға түскен Абаевтың Қазақстандағы тіл мәселесіне қатысты мәлімдемесіне шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Мен осы мәлімдемені оқыдым. 95% халық орысша сөйлейді деген сөз – өте ұят нәрсе. Тіл саясатын осылай қолжаулыққа айналдыруға болмайды, әсіресе қазақ тілін қорғамау – тілдің бетіне түкіргенмен тең. Өз қандасының аузынан шықса, ауыр. Ел атынан шыққан лауазымды тұлғаның айтуы- екі есе ауыр, – деді депутат.

Құспан сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық ұстанымға қатысты ой бөлісті. Оның айтуынша, жат жердегі елші мұндай мәлімдеме жасаса,  сол елдегі азаматтардың көңілін табу, арадағы татулықты сақтау үшін айтылған болуы мүмкін.

– Бірақ оны сәл басқаша жеткізу керек еді. Сондықтан мен бұл пікірмен толық келіспеймін. Ұят болды, – деді депутат. 

КОНТЕКСТ

Осыдан 2 күн бұрын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұқбатында “қазақстандықтардың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді. “Бұл – халықтың күші” деп мәлімдеген еді.

Динара Жарқынбек

Серіктес жаңалықтары