Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа әлеуметтік желіде жала жапқан деген айып тағылған "Доктор" лақап атымен белгілі Бауыржан Абдрахмановқа қатысты тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Қаржаубайдың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
“ДОКТОР” НЕ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ
Бауыржан Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасында “Шерзат Қаржаубай ұстап жүрген пышақтан мерт болды” деп мәлімдеме жасаған болатын.
СОТ ШЕШІМІ
Сот үкімі бойынша, Абдрахмановтың сөздері шындыққа жанаспайды.
– Қаржаубай Нұрымовтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімет деп танылсын, дейді судья.
Бауыржан Абдрахманов сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде “мен оның бұл пышақты бұлдап, көрсетіп жүргеніне сенімдімін, сол пышақтан өз ұлы Шерзат өлді. Бірақ ол пышақты тастап, басқалары баласын өлтіріп жатқанда дүкенде тығылып отырды. Тіпті сол пышақты әлгі жігіттердің қолына өзі ұстатқан” деген мәлімдемесін шындыққа сәйкес келмейді деп кешірім сұрау арқылы теріске шығарамын деген мәтінмен мәлімдеме жасауға міндеттелді.
МОРАЛЬДЫҚ ӨТЕМАҚЫ
Сонымен қатар, Абдрахманов Нұрымовтың пайдасына 400 мың теңге өтеуге, өкілдің көмегіне кеткен 500 мың теңге мен мемлекеттік баж ретінде төленген 4 мың теңгені өтеуге міндеттелді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін блогер Бауыржан Абдрахманов Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймованы суицидке итермеледі күдікпен қамауға алынған болатын. Соттың шешімімен блогер 2 сәуір күні 20 тәулікке қамауға алынған.