×
540.18
628.93
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.18
628.93
6.68

Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың ішінде қазақтар бар ма?

Бүгін, 12:30
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың ішінде қазақтар бар ма?
Фото: Qazafi/Xinhua/dpa/picture alliance

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ауғанстандағы жер сілкінісі туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚТАР БАР МА

Қуантыровтың сөзінше, Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

- Әрине, жағдай бақылауда. Елшілік мониторинг жүргізіп отыр, дейді Қуантыров. 

ЖЕР СІЛКІНІСІ

Еске салайық, АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 31 тамызда Пәкістанмен шекаралас Нанганхар провинциясындағы Джалалабад елді мекенінің солтүстік-шығысында 27 шақырым жерде 6 баллдық жер сілкінісі тіркелген.

Билік мәліметінше, 1400-ден астам адам қаза тапқан, 3000-нан астамы жарақат алған. «Талибан» қозғалысы үкіметінің өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, көптеген адамдар әлі де үйінді астында қалғандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары