×
540.18
628.93
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.18
628.93
6.68

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын жеңілдетуді сұраған

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын жеңілдетуді сұраған
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын жеңілдетуді сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы облысы Алатау қаласының сотында 2025 жылғы 4 қыркүйекте сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші қаралды.

2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының қаулысымен сотталған Нұрасыл Болатқа қатысты 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

Бұл шара пробациялық бақылау талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты қабылданды. 

СОТТА АНЫҚТАЛҒАН ФАКТІЛЕР

  • 2024 жылғы 14 тамызда түңгі сағат 03:00-де қоғамдық орында болу арқылы соттың қойған шектеулерін бұзғаны;
  • 2024 жылғы 11 қазанда кешкі уақытта мейрамханаға баруы;
  • 2024 жылғы 12 қазанда түнгі ойын-сауық мекемесінде болуы.

Сотталған адамға алдын ала міндеттері түсіндіріліп, олардың бұзылуының салдары туралы ескертілген. Бұзушылықтар іс материалдарымен расталған. 

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сотталған Нұрасыл Болат өтінішті толық қолдап, қанағаттандыруды сұрады. Прокурор сотталғанның өтінішін жартылай қанағаттандырып, жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұрады.

Жәбірленуші Олег Чернов сотталғанның ұстанымын қолдап, өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Анна Чернова өтінішті жартылай қанағаттандырып, жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұрады.

СОТ ШЕШІМІ

4 қыркүйектегі Алматы облысы Алатау қаласының сотының қаулысымен сотталған Н.Болаттың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартудың негізі ретінде сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының шарттарын бұрынғы уақытта жүйелі түрде бұзғаны алынып, барлық мән-жайлар мен ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабын ескере отырып, сот сотталған Н.Болаттың мінез-құлқындағы оң өзгерістерді расталмағанын анықтады, оның түзелгенін дәлелдеген жоқ. Сондықтан жазаны орындау жалғасуы тиіс.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

НҰРАСЫЛ БОЛАТТЫҢ ІСІ

2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.

Серіктес жаңалықтары