×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі балаларға берілмек

Бүгін, 09:49
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі балаларға берілмек
Ulysmedia коллажы

Үш рет аукционға қойылған зәулім үйді Оқу-ағарту министрлігінің балансына беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрліктің мәліметінше, зәулім үй ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталыққа айналмақ. Мұндай шешім балалардың санының артуына байланысты қабылданды.

ПІКІР

– Негізгі орталық Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта орналасады. Ал басқа өңірлерде, соның ішінде Астанада да филиалдар ашылады. Бұл бірыңғай әдістемелік жүйе қалыптастыруға, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді министрлік өкілдері.

КОНТЕКСТ

Бұл үй Нұра ауданындағы Қараөткел ықшамауданында орналасқан. Бұған дейін зәулім үй Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болып, 1,6 млрд теңгеден бастапқы бағамен электронды саудаға қойылған.

Үйді үш рет сатуға тырысқанымен, сатып алушы табылмады. Бұған дейінгі аукционда Мәсімовке тиесілі монеталар, әшекейлер мен қылыштар сатылған еді.

Серіктес жаңалықтары