×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Ақтаудағы мұнай зауытында құбыр өртенді

Бүгін, 17:33
Ақтаудағы мұнай зауытында құбыр өртенді
Видеодан алынған кадр

Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ресми мәліметке сәйкес, өрт бүгін таңертең болған.

– 6 қыркүйек күні сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға жеткізуші құбырдан өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС қызметкерлері мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Ұлттық компания өкілдері зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Құлсары қаласындағы газ құю бекетінде жарылыс болып, өрт шыққан еді. Салдарынан 14 адам зардап шекті, екеуі қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары