×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жолдады

Бүгін, 09:40
Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жолдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

АНЫҚТАМА

Луис Инасиу Лула да Силва — 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Бразилия президенті. 1980 жылы Еңбекшілер партиясының негізін қалаушылардың бірі болды, кәсіподақ қозғалысын басқарды және жұмысшылардың ереуілдеріне жетекшілік етті. Ол алғаш рет 2002 жылы президент болып сайланып, 2006 жылы қайта сайланды. Бірнеше жылдан кейін саяси жанжалдар мен «Лава-Жато» ісі бойынша түрмеге қамалғаннан кейін (үкім кейінірек күшін жойды), үлкен саясатқа оралып, 2022 жылғы сайлауда жеңіске жетті.

 

Серіктес жаңалықтары