×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот Пірімқұлов пен Құмарғалиевті 2 айға қамады

28.01.2022, 08:40
Сот Пірімқұлов пен Құмарғалиевті 2 айға қамады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл шешімді Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты шығарды. Отырыс 27 қаңтар күні кешкісін өтті.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» басшысы Медет Құмарғалиев ұсталған болатын.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.