×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Украинада экс-депутат мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қамауға алынды

07.09.2025, 15:15
Украинада экс-депутат мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қамауға алынды
Pixabay.com

Украинада Жоғарғы Раданың IX шақырылымының депутаты, қазір тыйым салынған «Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясының өкілі Федор Христенко қамауға алынды. Оған мемлекеттік опасыздық жасады және Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қызмет етті деген айып ағылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украинаның Қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратурасының мәліметінше, Христенконы ресейлік арнайы қызмет cоғыс басталмай тұрып-ақ өз жағына тартқан.

Тергеу нұсқасына сай, ол Украинадағы құқық қорғау органдарының бірінің басшылығына ықпал ету тетігін құрған және Ресейдің мүддесі үшін тапсырмалар орындаған. Ұсталған азамат сотқа жеткізіліп, бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау жазасы таңдалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«РБК Украина» мен депутат Алексей Гончаренконың айтуынша, Христенко соғысқа дейін елден қашып, Дубайда жүрген. Украинаға қайтып келуі саяси келісімдер арқылы жүзеге асқан болуы ықтимал.

ZN.UA-ның жазуынша, оны БАӘ тарапы ресми экстрадициясыз-ақ «Украинаның қауіпсіздік қызметіне тікелей тапсырған».

Тергеу болжамынша, Христенко Виктор Янукович президент болған кезде-ақ ФҚҚ-ға қызмет ете бастаған. Ол сол уақытта Антимайдан кезінде әрекет еткен «титушкаларды» — арандатушыларды тасымалдауға жауапты болған және Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросына ықпал етуі мүмкін делінген.
 

Серіктес жаңалықтары