×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Қарашөкеев жұмысының тиімсіздігі туралы сұрақты айналып өтті

Қарашөкеев жұмысының тиімсіздігі туралы сұрақты айналып өтті
Ulysmedia.kz коллажы

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмысының тиімсіздігі туралы сұрақты айналып өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

“Сіздің облысқа барған кезде сізді халық танымайтынын айтты. Танымайтынын сіздің жұмысыңыздың нәтижесіздігімен байланыстырды. Бұған не дейсіз?”, – деп сұрады тілші. 

ЖАУАП

Қарашөкеев Жамбыл облысында қазір жеті айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім байқалып отырғанын айтады.

- Инвестиция тарту бойынша да көрсеткіштер жақсы. Біз негізі өңірлер арасында көшбасшы облыс ретінде келе жатырмыз. Халық танымайды дегенге келер болсақ, негізі ауданның бәрін жиі аралап тұрамын. Өзім барып, шаруашылықты көріп келемін. Жазда шаруашылық қиын болды. Егістік, мал шаруашылығын аралап, аудандарға жиі барып тұрамын. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында да облыстың жағдайы туралы жиі ақпарат беріп отырамыз. Одан да жиі шығып тұрамыз, - дейді әкім. 

Әкімге жұмысы тиімсіз деген де сындар айтылған. Алайда ол бұл сұрақты айналып өтіп, өңірдегі жұмыссыздық мәселесі туралы айтып кетті. 

- Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, бізде жұмыссыздық деңгейі басқа өңірлерге қарағанда аз. Облыста халық көп. Сондықтан жұмыссыздықты шешетін ол инвестициялық жобалар. Ол жағынан негізгі мәліметтерді алып қарасаңыздар Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалар іске асып отыр. Ол жай ірі жобалар емес, үлкен заманауи технологиялар. Үлкен зауыттар құрылып жатыр, ол жерде 2,5-3 мыңдай адам жұмыс істейтін болады. Металлургиялық зауыттар бар. Тыңайтқыш шығаратын зауыттың бірінші кезеңін қараша айында қосамыз. Тек осылай ірі инвесторларды әкеліп, жұмыс орындарын құра аламыз, – дейді әкім. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz аймақ әкімдерінің уәделерін қалай орындап жатқаны туралы материалдар сериясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің жұмысы туралы жазған еді

Серіктес жаңалықтары