×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

"Қазір арқан тартысатын уақыт емес" - Тоқаев

Бүгін, 11:31
"Қазір арқан тартысатын уақыт емес" - Тоқаев
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздегі басты мәселелердің бірі – жоғары инфляция екенін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Инфляция – негізгі қауіп

Мемлекет басшысы инфляция экономикалық көрсеткіштердің өсімін де, халық табысын да «жеп» отырғанын айтты. Оның сөзінше, дайын шешім немесе әмбебап тәсіл жоқ, себебі бұл проблема көп елге ортақ. Алайда Қазақстан жағдайында ол айрықша өткір сипатқа ие болып отыр.

«Қиын, бірақ қажет қадамдар»

– Біз осы макроэкономикалық «шеңберден» шығуымыз керек. Кеше ғана пайда болған қиындықтарды ең озық халықаралық тәжірибені ескере отырып еңсереміз. Ол үшін жауапкершілікті талап ететін, халыққа ұнамайтын шешімдер қабылдауға да дайын болуымыз қажет, – деді Тоқаев.

Үкімет пен Ұлттық банкке ортақ міндет

Президенттің айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банк бір команда болып жұмыс істеуі тиіс.

– Қазір арқан тартысатын уақыт емес. Алдымызда бүкіл мемлекет үшін ортақ міндет тұр, – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары