×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктердің күні Астанаға қарап қалды

Бүгін, 14:27
АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктердің күні Астанаға қарап қалды
7kun.kz

АҚШ мемлекеттік департаменті ресейліктерге арналған көші-қонсыз визалар бойынша өтінім қабылдау орнын Астана деп белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

АҚШ мемлекеттік департаменті көші-қонсыз визаларға өтініш беру тәртібіне өзгеріс енгізді. Енді Ресей азаматтары виза алу үшін Астанадағы АҚШ елшілігіне немесе Варшавадағы консулдыққа жүгінуі тиіс.

6 қыркүйекте жарияланған құжатта АҚШ визалық операция жүргізбейтін елдердің азаматтары арнайы тағайындалған орындарға құжат тапсыруы міндетті екені көрсетілген. Ресей үшін мұндай орындар – Астана мен Варшава болып белгіленді.

Ведомствоның мәліметінше, сұхбатқа жазылып қойған азаматтар өз орындарын сақтап қалады, оларды жою жоспарланбаған. Алайда өтініш берген орынға қарай кезек күту мерзімі айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Жаңа ережелер дипломатиялық және ресми визаларға, сондай-ақ гуманитарлық немесе медициналық төтенше жағдайларға қатысты қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары