×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Боранбаев “Целинныйға” қанша қаржы жұмсағанын айтудан бас тартты

Боранбаев “Целинныйға” қанша қаржы жұмсағанын айтудан бас тартты
Ulysmedia.kz коллажы

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев "Целинный" орталығына қанша қаржы жұмсағанын айтудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

“Целинныйдың” құрылысы жеті жылға созылды дедіңіздер ғой. Не себепті ұзаққа созылды және қанша қаржы жұмсалды?”, – деп сұрады Ұлыс тілшісі. 

ЖАУАП

Боранбаев қаржы туралы жауап беру қиын екенін айтты. 

- Неге үнемі ақша туралы сұрайды? Мақсатымыз қанша ақша жұмсадық деген емес, ең бастысы – осында білім беру бағдарламаларын да, мәдениет пен өнерге байланысты жобаларды да өткізуге болатын кеңістік құру еді. Бұл өте маңызды. Айта кетейін, мұның бәрін толығымен өз жеке қаржымнан инвестицияладым. Сондықтан, шыны керек, ақша туралы айтудың өзі мен үшін қызық емес, дейді кәсіпкер. 

Қайрат Боранбаев қанша қаражат кеткенін шамалап та айта алмады. 

- Біріншіден, кез келген жобаның қаржылық құрылымы болуы керек екенін түсінуіміз қажет. Сол себепті, байқаған боларсыздар, бізде күндізден кешке дейін өтетін тегін бағдарламалар бар, ал перформанстарды ақылы еттік. Бұл – әлемдік тәжірибеде қалыптасқан нәрсе. Сіздер де театрға билетсіз кірмейсіздер ғой. Әрине, жаңа қойылымдардың билет сатылымы шығынды толық өтемейді, бірақ ол жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырады. Тек көрермен үшін ғана емес, біздің жұмысымыз үшін де маңызды. Сондықтан біз жобаны қаржылық тұрғыдан тұрақты болатындай етіп қарастырамыз.  Бізде «Патрондар» бағдарламасы бар, оны көп жылдан бері жүргізіп келеміз. Оларға біз ерекше ризамыз. Сондай-ақ бізбен бірге жұмыс істейтін демеушілеріміз, достарымыз бар. Әрине, бірдеңе жетпей жатса, акционерлер ретінде қаржылай қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз. Дегенмен, біз «Целинныйдың» қаржылық тұрақтылығы өздігінен қамтамасыз етілгенін қалаймыз, дейді Боранбаев. 

Серіктес жаңалықтары