×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

"Қайрат" Орталық стадионға не үшін қарыз болып қалған?

"Қайрат" Орталық стадионға не үшін қарыз болып қалған?
Ulysmedia.kz коллажы

Қайрат Боранбаев "Қайрат" футбол клубы Орталық стадионға не үшін қарыз екенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Боранбаев бұл жайтқа қатысты пікір білдіру қиын екенін жеткізді. 

- Біз сотқа жүгіндік, қазір осы мәселеге қатысты сот процесі жүріп жатыр. Себебі біздің қолымызда мерзімі өтіп кеткен, бұған дейін аяқталған қол қойылған келісімшарт бар. Қалалық әкімдіктің аудиттік тексерісінен кейін бізге стадионды төмендетілген бағамен берген деген негізде айыппұл салынды. Ал бізде баға тұрақты, өзгермейтін, біз оны уақытылы төлеп отырдық. Соған қарамастан айырмашылықты қайта есептеп, сот стадионның пайдасына шешім шығарды, яғни біз төлеуге тиіспіз деп тапты. Бірақ біз бұл істі басқа инстанцияға апарып жатырмыз, өйткені бұл мәселе қосымша түсіндіруді талап етеді, дейді Боранбаев. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін сот «Қайрат» футбол клубын Алматыдағы Орталық стадионды жалға алу үшін 131 млн теңге төлеуге міндеттеген еді.

Серіктес жаңалықтары