×
535.13
627.44
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.13
627.44
6.52

Министр инфляцияға басты әсер етіп отырған факторды атады

Министр инфляцияға басты әсер етіп отырған факторды атады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда инфляцияға әсер етіп отырған үш негізгі фактор бар. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген ұлттық экономика министрі айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министр Серік Жұманғариннің айтуынша, қазір негізгі қысымды азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлар емес, қызмет көрсету саласы туғызып отыр.

– Қазіргі басты драйвер – қызмет көрсету. Табиғи монополиялардың тарифтері өсіп жатыр, соған байланысты қызмет құны қымбаттауда. Бұл барлық тауар бағасына әсер етеді, – деді ол.

Министрдің сөзінше, жағдайды тұрақтандыру үшін кейбір тарифтік шешімдер желтоқсан айына шегерілген. Сонымен қатар электр энергиясының бағасын төмендетуге бағытталған шаралар қарастырылып жатыр.

Ал азық-түлік инфляцияға небәрі 0,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% ғана әсер етіп отыр.

Тілшілер қойған сұраққа жауап берген министр 5–6 пайыздық инфляция деңгейіне түсу - қысқа мерзімде қол жеткізілетін мақсат емес екенін атап өтті.

– Біздің биылғы негізгі мақсатымыз – инфляцияны 11 пайыздан төмен деңгейге түсіру, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа жолдауында елдегі жоғары инфляцияны басты экономикалық проблема деп атады. Оның айтуынша, инфляция халықтың табысын «жеп», экономикалық өсімнің тиімділігін төмендетіп отыр.

Тоқаевтың сөзінше, қиындықтан шығу үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп әрекет етуі тиіс. Бұл ретте «арқанды қатты тартатын уақыт емес», керісінше, әлемдік үздік тәжірибені ескеріп, теңгерімді шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары