×
535.13
627.44
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.13
627.44
6.52

Астанада жаңа үйлер күрт қымбаттап кеткен

Бүгін, 15:18
Астанада жаңа үйлер күрт қымбаттап кеткен
Ашық дереккөзден

Астанадағы жаңа құрылыстар бағасы соңғы үш жарым жылда 3,9%-ға көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Data Hub мәліметінше, сарапшылардың бағалауынша, бұл 2022 жылғы наурыздан бергі ең айқын өсім. 2015 жылдан бері бұдан жоғары айлық қарқын тек үш рет тіркелген.

Сонымен қатар жалдау құны да қымбаттап отыр — ол 1,7%-ға өскен. Соңғы рет мұндай айқын өзгеріс 2024 жылғы желтоқсанда байқалған.

– Тамыз айында жалдау ақысы 3,1%-ға артты. Биыл бұдан да жоғары секірістер болды. Өткен жылдың тамызымен, яғни оқу жылы қарсаңындағы кезеңмен салыстырсақ, қарқыны төменірек. Бірақ ол кезде шілдеде әлдеқайда айқын өсім байқалған, – деп атап өтті сарапшылар.

АЛМАТЫДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Алматыда жаңа тұрғын үйлердің бағасы қатарынан екі ай бойы өзгермей тұр. Есесіне екінші нарықта 0,6%-ға қымбаттау байқалды.

Қалалық пәтерлерді жалға алу бағасы шілдемен салыстырғанда 1,7%-ға өскен. Бұл биылғы ең айқын секірістердің бірі болды. Өткен жылғыдай, оқу жылы қарсаңында да жалдау ақысы 1,5%-ға көтерілген еді.

Серіктес жаңалықтары