×
535.13
627.44
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.13
627.44
6.52

Мирзиеев вице-министрлерді қызметінен қуды

Бүгін, 16:37
Мирзиеев вице-министрлерді қызметінен қуды
Фото: AFP

Өзбекстан президенті ЖОО, ғылым және инновациялар саласындағы барлық вице-министрлерді қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің орынбасарлары Шохрух Далиевті, Отабек Махкамовты және Сарвархон Бузрухоновты қызметінен босатты. Бұдан бөлек, Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің және Инновациялық даму агенттігінің басшылары да қызметтерінен кетті.

– Мектепке дейінгі және мектеп білімінде өзгерістер жүріп жатыр, бағдарламалар жұмыс істеп, нәтижелер бар. Алайда кәсіби және жоғары білімге жауаптылар білім саласындағы реформалардың мәнін әлі толық түсінген жоқ, – деді президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

ТАПСЫРМА

Шавкат Мирзиёев мектепке дейінгі және жалпы білім беру министрлерін, сондай-ақ жоғары білім, ғылым және инновациялар министрін, олардың орынбасарларын және өңірлердің басшыларын «превентивті және проактивті» жұмыс әдістеріне көшіп, білім берудің барлық бағытында түбегейлі реформаларды жүзеге асыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары