Қазақстан ет және ішкі өнімдер экспортын 60,1%-ға ұлғайтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында бұл өнімдердің 21,7 мың тоннасы шетелге жіберілген. Сатылған тауарлардан түсетін түсім 46,6 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,1% көп.
Қазақстан етінің негізгі сатып алушысы – Ресей. Бұл ел 14,1 мың тонна етті 21,1 миллион долларға сатып алған. Ол жаққа ет жеткізу көлемі 3 есе, ал ақшалай кіріс 2,6 есе өскен.
Қырғызстан бұл өнімнің 3,1 мың тоннасын 4,4 миллион долларға, Өзбекстан – 3 мың тоннасын 11,2 миллион долларға, Армения – 400 тоннасын 740,7 мың долларға, БАӘ – 400 тоннасын 2,9 миллион долларға, Беларусь - 200 тоннасын 93,6 мың долларға сатып алған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстан шетелге 46,4 миллион долларға 21,5 мың тонна ет жіберілген.
16,2 мың тонна (25,7 миллион доллар) тауық еті экспорттаған. Жаңа сойылған немесе салқындатылған мал еті 13,1 миллион долларға (3,5 мың тонна), ал мұздатылған ет 3,1 миллион долларға (640,4 мың) сатылған.
Қой етінің экспорты 718,5 тоннаны (3,7 млн доллар), ал шошқа еті – 399,9 тоннаны (763,9 мың доллар) құрады.