Венесуэла президенті Николас Мадуро үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мадуро RT телеарнасына берген сұхбатында өзінің пікірін білдіріп, әлемдік соғыс қазірдің өзінде басталғанын айтты. Ол екі жыл бұрын Рим Папасы Францисктің жаһандық қақтығыстың жақындағаны жөнінде ескерткенін еске салып, бұл процес қазір іс жүзінде басталғанын атап өтті.
Мадуроның сөзінше, АҚШ «әлемдік гегемониясын сақтап қалуға тырысып», мұндай соғысты жүргізудің нақты жоспарын жасап отыр. Оның ойынша, Вашингтонның әрекеттері Венесуэланы «колонизациялау» ниетін бүркемелеуге бағытталған. Президент өз елінің Кариб теңізінде орналасқан әлемдегі газ қоры бойынша төртінші орында екенін айтып, осы фактор аймақтағы америкалық әскери кемелердің болуының себебін түсіндіреді.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін АҚШ Венесуэла жағалауында латиноамерикалық есірткі картельдеріне қарсы күрес үшін әскери-теңіз күштерін күшейтетінін мәлімдеген. Шілде айындағы президенттік сайлаудан кейін Венесуэла мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас ушығып, екі ел арасындағы шиеленіс күшейді.