×
536.76
630.85
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.76
630.85
6.45

Дариға Назарбаева Қайрат Боранбаевты қолдап, "Целинныйға" келген

Бүгін, 14:42
Дариға Назарбаева Қайрат Боранбаевты қолдап, "Целинныйға" келген
Ulysmedia.kz коллажы

Дариға Назарбаева Қайрат Боранбаевты қолдап, "Целинныйға" келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шара кезінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев “Целинный” орталығының ашылуына қанша жұмсалғанын жарияламай қойған еді. 

ТУЫСТЫҚ БАЙЛАНЫС

Айта кетейік, Дариға Назарбаева мен Қайрат Боранбаев – құдалар. Марқұм Айсұлтан Назарбаев 2013 жылы Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

2019 жылдың сәуір айында Айсұлтан Назарбаев фейсбуктегі жеке парақшасында аты-жөнін Айсұлтан Рахат (Aisultan Rakhat) деп, ал отбасылық жағдайын "ажырасқан" деп өзгерткен. Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды.

ҚАҢТАРДАН КЕЙІНГІ ӨМІР

2022 жылғы қаңтардағы оқиғадан кейін Назарбаевтар отбасы қоғамдық кеңістіктен іс жүзінде жоғалып кетті. Кейін Дариға Назарбаеваның отбасымен БАӘ-ге кетіп, онда ұзақ уақыт тұрғаны туралы ақпараттар тарады. 

Серіктес жаңалықтары