×
536.76
630.85
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.76
630.85
6.45

Жүргізушілерге арналған құжаттарда өзгерістер болуы мүмкін

Бүгін, 15:33
Жүргізушілерге арналған құжаттарда өзгерістер болуы мүмкін
Ашық дереккөзден

Қазақстан ІІМ жүргізуші куәліктері мен көлікті тіркеу туралы куәліктердің бланкілері мен үлгілеріне өзгеріс енгізіп, олардан чипті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство өкілдерінің айтуынша, құжаттардағы чиптер қосымша шығындарды қажет етеді. Ал олардың функцияларын қазірдің өзінде мемлекеттік жүйелер атқарып отыр. Сондықтан чиптерді алып тастау қаржы үнемдеуге әрі құжаттарды дайындау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ

Айта кетейік, чип-модульдер техникалық паспорттарға 2018 жылы, ал жүргізуші куәліктеріне одан ертерек – 2012 жылы енгізілген болатын. Бұл жаңашылдық кезінде үлкен дау туғызған. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жүргізген тексеріс нәтижесінде 2012–2013 жылдары өңірде куәліктерге енгізілген барлық электронды құрылғылардың «бос» екені анықталған. Дегенмен, олардың өндірісіне қомақты қаражат жұмсалғаны белгілі болды, деп жазады kolesa.kz.

Серіктес жаңалықтары