×
538.2
629.64
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.2
629.64
6.34

Қырғызстан тағы бір қазақстандыққа іздеу жариялады

Бүгін, 13:00
Қырғызстан тағы бір қазақстандыққа іздеу жариялады
Фото: 24.kg

Қырғызстан Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырған деген күдікпен Қазақстан азаматына іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қырғызстанның емлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Қамшы Асанбекке (Қамшы Көлбаев) қарасты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландырғаны үшін Қазақстан азаматы Камалутин Халиков іздеуге жарияланғанын хабарлаған. 

ТЕРГЕУ

Арнайы қызметтің мәліметінше, ол Қарағанды облысы бокс федерациясының президенті, құрылыс саласында активтері бар. Бұған дейін Қазақстан аумағында қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған және Қырғызстаннан Қазақстанға тауарды заңсыз тасымалдаумен айналысқан.

Тергеу барысында Камалутин Халиков Қамшы Асанбектің қылмыстық әрекеттерін, оның кісі өлтіру, адам ұрлау және қылмыстық қауымдастық ұйымдастыру бойынша бірнеше рет сотталғанын біле отырып, онымен Қырғызстан аумағында бірлескен бизнес-жобаларды «қорғауға» байланысқа шыққаны анықталды.

СОТ ШЕШІМІ

24.kg әмліметінше, Камалутин Халиков Қамшы Асанбекпен Ыстықкөл облысындағы «Барс» демалыс орнында бірнеше рет кездескен.

Бішкектің Октябрь аудандық сотының қаулысымен Камалутин Халиковқа сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол ресми түрде іздеуде жүр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық бизнесмен Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялаған болатын. 

ҚАМШЫ КӨЛБАЕВ ДЕГЕН КІМ

Қамшы Көлбаев (Қамшы Асанбек) Қырғызстандағы қылмыс әлемінің беделді тұлғаларының бірі болған. Ол Ыстықкөл облысында дүниеге келген және “Коля-қырғыз” лақап атымен танымал. 2011 жылдың маусым айында АҚШ үкіметі оны халықаралық есірткі саудасының негізгі фигураларының бірі ретінде ресми түрде мойындады. 2023 жылдың 4 қазанында Бішкек қаласында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) жүргізген арнайы операция барысында Қамшы Көлбаев қаза тапты. Операция кезінде ол қарулы қарсылық көрсеткендіктен, арнайы жасақ күштері оны атып өлтірді. 

Серіктес жаңалықтары