Ресейден келген турист Қазақстанды қорлайтын сөздер айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнероликтегі әйел қазақстандықтарды жалқау деп, елдің өзін ауылға теңеген.
- Бәрі жалқау сияқты. Ал «Қазақстан» деген осы ауылда интернет өте нашар, тіпті дұрыс жұмыс істей алмаймын, балалармен сабақ та өткізе алмаймын, интернет мүлдем нашар. Ашуланып отырмын, ертең кафеге барып, сол жерден жұмыс істеп көрейін деп шештім. Тағы қайда жұмыс істеуге болады? Ешқайда. Мұнда адамдар жұмыс істемейді, адамдарға интернет те қажет емес. Түсінбеймін. Шынымды айтсам, Қазақстанда бәрі жалқау сияқты әсер қалдырады. Атмосферасы – барынша босаңсуға арналған. Сіздер қашан жұмыс істейсіздер өзі?, – дейді видеодағы әйел.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұл қазақ халқын қорлауға қатысты алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Алика Мұхамадиева Threads желісіндегі бір жазбаның астындағы пікірлерде қыз қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған болатын. Артынша ол ұлтаралық араздық қоздырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды.