×
538.2
629.64
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.2
629.64
6.34

Марат Жыланбаевтың бүйрегі сыр бере бастаған - адвокат

Бүгін, 17:00
Марат Жыланбаевтың бүйрегі сыр бере бастаған - адвокат
Ulysmedia.kz коллажы

Адвокат Денис Малюга Марат Жыланбаевтың жағдайын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокат Денис Малюганың мәліметінше, 10 қыркүйек күні ол әріптестерімен бірге Степногорскіге барып, саяси тұтқын Марат Жыланбаевпен кездесті. Кездесуден соң адвокат Жыланбаевтың бүйрекке ультрадыбыс тексеруі (УДЗ) мен жүрекке ЭКГ жасатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оның бүйрегі төмен түсіп кеткенін және тұз жиналғанын анықтаған. Осыған байланысты оған ем қабылдау қажет екені айтылды.

Құқық қорғаушыға сенімхат беруге кедергі жасалған

Адвокат сондай-ақ колония бастығы Қанат Тұлақовпен кездескен. Оның айтуынша, мекеме әкімшілігі бірнеше айдан бері Марат Жыланбаевтың құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға сенімхат беруіне түрлі кедергілер келтіріп отыр.

Әкімшілік сенімхатты тек нотариус арқылы рәсімдеуді талап етуде. Алайда колонияда нотариус жоқ, ал заң бойынша құжатты мекеме басшысы да куәландыра алады.

Колония басшысының уәдесі

Колония бастығы Марат Жыланбаев көтерген мәселелер шешімін табатынын айтқан. Оның ішінде:

  • интернет арқылы байланыс орнату мүмкіндігі (скайп),

  • ішкі дүкен мен өтініш қабылдайтын терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуі.

Өйткені Жыланбаев өзінің ісі бойынша жоғарғы сотқа жеке өзі кассациялық шағым түсіргісі келеді.

Серіктес жаңалықтары