Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Марат Жыланбаевтың жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Күнделікті медициналық бақылауда
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Марат Жыланбаев Степногорск қалалық ауруханасына тіркелген. Ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өтініші негізінде күн сайын дәрігерлердің бақылауында.
Тексерулер нәтижесі
12 тамызда оның жеке өтініші бойынша зертханалық және аспаптық тексерулер жүргізілген. Қазіргі салмағы – 71 келі. Мамандар ауыр дерт белгілерін анықтамаған, өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жоқ деп отыр.
Жасына байланысты өзгерістер
Дәрігерлер оның денсаулығында табиғи жасқа байланысты өзгерістер барын, оларды қолдаушы дәрілік терапия арқылы түзетуге болатынын атап өтті. Басқарманың хабарлауынша, мекемелерде жатқан барлық адамдар тұрақты медициналық бақылаумен қамтамасыз етілген. Жоспарлы тексерулер өткізіліп, қажетті диагностикалық құралдар мен зерттеу әдістері қолданылады.
Бұған дейін
Еске салайық, бұған дейін адвокат Денис Малюга Марат Жыланбаевтың денсаулық жағдайы туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, дәрігерлер оның бүйрегі төмен түсіп кеткенін және тұз жиналғанын анықтаған.