×
538.89
629.53
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.89
629.53
6.34

12 қыркүйек - марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні

Бүгін, 12:46
12 қыркүйек - марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні
Фото: azattyq.org

12 қыркүйек - Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Қоғам қайраткері көзі тірі болғанда 63 жасқа толар еді. 

ҚАЙРАТКЕР ЖАЙЛЫ

Алтынбек Сәрсенбайұлы (1962-2006) – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004), "Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

1992 жылдан Алтынбек Сәрсенбайұлы президент аппаратында, министрлер кабинетінде жауапты қызметтер атқарды. 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан баспа және ақпарат министрі, 1995 жылдан баспа және ақпарат жөніндегі ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі қызметін атқарды. 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін қауіпсіздік кеңесінің хатшысы – президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болды. 2002 жылдың қаңтарынан Ресейде елші қызметін атқарған.

2003 жылдан бастап Алтынбек Сәрсенбайұлы өз еркімен президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы болды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы – бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.

ҚАЗАСЫ

2006 жылғы ақпанда Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен бірге ұрлап әкетіп, атып өлтірді. Қылмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Арыстан" тобының офицерлері қатысқаны анықталды. Сот үш адамды өлтірген қылмыскер деп таныған бұрынғы полицейге өмір бойына түрме жазасын кесті. Ал қылмыстық іс бойынша екі рет сот өтіп, әр жолы бұрынғы лауазымды тұлғалар кісі өлтіруге тапсырыс беруші деп танылып, екі басқа үкім шықты. Марқұмның туыстары мен серіктері оны "саяси қастандық құрбаны" деп атайды. Олар қылмыстың құпиясы әлі толық ашылған жоқ деп санайды.

СҰҚБАТ

Еске салайық, бұған дейін біз саясаткердің ағасы, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлын арнайы шақырып «Жаңа Қазақстанда Сәрсенбаев өлімінің ақиқаты ашыла ма?» деген сұраққа жауап іздедік. Саясаткердің саяси ұстанымын, оппозициялық қызмет жолын еске түсірдік. Бұдан бөлек, бүгінгі саясат пен ел үкіметінің жұмысын, қаңтар оқиғасын талқыладық.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ұлыстың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары