Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисенді ҰҚК қызметкерлері әкімдік ғимаратында ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Ақ жайық” мәліметінше, 33 жастағы шенеунік жақында Құрманғазы ауданынан іссапардан оралған. Артынша облыс әкімдігінің ғимаратында тікелей қолға түсті.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
Дереккөз мәліметінше, оған мердігер ұйым басшысынан пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 367-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал ақша берген ЖШС жетекшісі ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара беру») бойынша тергелуде.
Осыған байланысты мердігер компанияның кеңсесінде және облыстық әкімдік ғимаратында тінту жүргізілген.
ТЕРГЕУ
Әзірге шенеунік қолхатпен босатылды. Дегенмен тергеу органдары оған қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдату үшін, яғни уақытша қамау изоляторына жабу туралы өтініш беруді жоспарлап отыр.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.