×
538.89
629.53
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.89
629.53
6.34

Алматы облысында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады

Бүгін, 14:29
Алматы облысында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты. Оқиға «Сокол» саяжай қоғамының аумағында болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыста жол бермей, автобуспен соқтығысқан. Hyundai жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобустағы оқушылар зардап шеккен жоқ. Полиция қылмыстық іс қозғады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Апат салдарынан 10 адам қайтыс болды. 

Серіктес жаңалықтары