ҚР Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын Алматыда ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол 17 жыл бұрын Қырғызстан астанасы Бішкекте адам өлтірді деген күдікке ілінген. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті – Камчыбек Көлбаевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі.
ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН 81 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Жалпы, қыркүйек айында іздеуде жүрген 81 адам ұсталып, 58 хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері анықталды. Бұдан басқа, ТМД елдері мен алыс шет елдерде іздеуде жүрген 28 қылмыскер ұсталды.
Астанада Молдова ішкі істер министрлігі 12 жылдан бері іздестіріп жүрген Ресей азаматы ұсталды. Ол сол елдің азаматынан 150 мың АҚШ долларын бопсалап алған.
Еске салайық, бұған дейін Іздеуде жүрген экс-судья Қарлығаш Тәткеева ресейлік болып шыққанын хабарлаған едік.