×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Жаңбыр мен найзағай: 14 қыркүйекте Қазақстанда қандай ауа райы болады

Бүгін, 18:45
Жаңбыр мен найзағай: 14 қыркүйекте Қазақстанда қандай ауа райы болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК алдағы күндері еліміздегі ауа райына қатысты болжам ұсыны, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

– Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында тұман түседі, – делінген хабарламада.

Температуралық фон бойынша ауа райында өзгерістер болады:

  • Шығыс өңірлерде түнде 0-9 градус жылы, күндіз 10-22 градусқа дейін;
  • Оңтүстікте түнде 10-16, күндіз 17-28 градус жылы;
  • Орталықта түнде 1-9, күндіз 12-20 градус жылы;
  • Солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура 12-19 градусқа дейін көтеріледі.
  • Ал батыс пен оңтүстік-шығыста айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Серіктес жаңалықтары