×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Блогерлер ісі: Жанәбіловтер ісі тоқтауы мүмкін бе?

Блогерлер ісі: Жанәбіловтер ісі тоқтауы мүмкін бе?
Ulysmedia.kz коллажы

Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты іс қаралуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түске дейін Эльмира Төлегенованың ісін тоқтатуды талап еткен адвокат Олег Чернов, түстен кейін Ерболат Жанәбіловтің де әкімшілік ісін тоқтатып, толтырылған хаттаманы жарамсыз деп тануды сұрады.

– Жанәбілов шақыру бойынша комитетке келген кезде оған хаттамамен танысуға мүмкіндік берілмеді. Оның құқықтары түсіндірілмеді, іс қандай тілде жүргізілетінін нақтылаған жоқ, сондай-ақ ескертулері мен жазбаша түсініктемелерін беру құқығы да шектелді. Осы шектеулердің салдарынан Жанәбілов өз құқығын дер кезінде пайдалана алмады, – деді адвокат Чернов сотта.

Оның айтуынша, қорғаушы тарап хаттаманың көшірмесін 26 тамызда WhatsApp арқылы ғана алған. Онда құжатты табыстау және таныстыру туралы міндетті белгі болмаған.

Ал комитет өкілдері хаттаманы алғашында мемлекеттік тілде, кейін орыс тілінде толтырғандарын айтты. Себебі, олардың сөзінше, блогер қазақ тілін түсінбеген. Алайда бұл мәлімдемеге Жанәбіловтің өзі таңғалды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, тамыздың соңында Ерболат Жанабыловқа ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы, 6-бөлігі бойынша («Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі») бабымен хаттама толтырылған еді. Негіз ретінде Instagram арқылы ұйымдастырылған ұтыстар алынды. Қатысу үшін азаматтар шамамен 30 мың теңге тұратын «курстарды» сатып алған. Құмар ойын бизнесін реттеу комитеті мұны заңсыз лотерея деп бағалаған.

Бұл іс Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты процестен бөлек қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары