Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты өндірісті тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тыңдау барысында прокурор әкімшілік істі тоқтату және материалдарды сотқа дейінгі тергеу органына беру туралы өтініш білдірді.
– Қорғау тарапы бұл әрекеттер сатылымды ынталандыруға бағытталған десе, уәкілетті орган Жанәбілов өткізген іс-шараларда лотерея белгілері болғанын, ал ақылы курстар лотереяны жасыратын жай ғана формалды себеп болғанын айтады.
Сондықтан сыйлықтардың құнын, жарияланымдардың мақсатын, алынған кірісті және өзге де мән-жайларды ескере отырып, барлық нақты жағдайларды анықтау қажет, – деді прокурор.
Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Екі іс те қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.