×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Алматы мен Алматы облысында жарықтың бағасы қымбаттауы мүмкін

Бүгін, 13:11
Алматы мен Алматы облысында жарықтың бағасы қымбаттауы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда электр энергиясының шекті бағасын келісу жөнінде қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Алатау Жарық Компаниясы» өкілдері 1 қазаннан бастап электр қуатының бағасын 20%-ға көтеруді ұсынды – яғни 1 кВт/сағат үшін 31,85 теңгеден 38,01 теңгеге дейін.

СЕБЕП

«Энергосбыт» компаниясында тариф өсімінің негізгі себептері аталды:

  • аймақтық желілер арқылы электр жеткізу тарифінің 12,3-тен 14,3 теңгеге дейін қымбаттауы;

  • «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының желілері арқылы жеткізу тарифінің 48%-ға өсуі;

  • биыл қазан айынан бастап 13,99 теңге/кВт·сағат көлемінде өтемдік тарифтің енгізілуі.

КОНТЕКСТ

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Қазақстанда электр энергиясының станциялардағы бағасы жыл соңына дейін өзгермейді. Дегенмен, ол жекелеген өңірлерде халық үшін тарифтің көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Серіктес жаңалықтары