Үш жылдан кейін, 2028 жылы Қазақстанда орташа жалақы 604 мың теңге болмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжат ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
БОЛЖАМ
Болжамға сәйкес, қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы мынадай болуы тиіс:
2025 жылы – 423 133 теңге;
2026 жылы – 500 890 теңге;
2027 жылы – 554 154 теңге;
2028 жылы – 604 963 теңге.