Пәкістанға қоныс аударуға мәжбүр болған 300 этникалық қазақтың бірі Хамит Жорабай Қазақстаннан күдер үзгенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол Пәкістандағы қазақтар 20 күннен бері үйде қамалып отырғанын айтты.
- Біз, Пәкістанның Карачи қаласының қазақтары, 20 күннен бері үйімізде қамалып отырмыз. Өмір сүру өте қиын болды. Қазақстан үкіметінен ешқандай жауап алған жоқпыз. Балаларымыздың жағдайы өте ауыр болып кетті. Соңғы бірнеше күнде 30 адам елден шығарылды. Біз де өзімізді Пәкістан полициясына тапсыруды ұйғардық. Бізді депортацияласа жақсы болар еді. Сізге, Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне және құрметті елшіге рахмет. Сіз бізге көп көмектестіңіз. Балаларымыз енді өздерін қазақпын деп есептемейді деп ойлаймын, – дейді Хамит Жорабай.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, депутат Ерлан Саиров Ауғанстаннан Пәкістанға қоныс аударуға мәжбүр болған 300 этникалық қазаққа көмектесуді сұрап, үкімет пен сыртқы істер министрлігіне үндеу жасаған болатын. Ауғанстаннан Пәкістанға босып баруға мәжбүр болған этникалық қазақтармен сөйлескенін айтады. Оның сөзінше, сол жақтағы Хамит Жорабай есімді адам көмек сұраған.
ХАЛЫҚ
Артынша СҚО тұрғыны Пәкістандағы қазақтарды құшақ жая қарсы алуға дайын екенін мәлімдеді.