Ресейдің құқық қорғау органдары қазақстандық банктердегі ресейліктердің шоттарына көздері түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанда қашықтан банк карталарын рәсімдеген ресейліктерді тергеуге шақыра бастады. «Осторожно, новости» басылымы мұны Қазақстанда ЖСН алуға көмектескендерге қатысты тергеумен байланыстырады. Басылымның жазуынша, шақырылғандардың нақты саны белгісіз, алайда күш құрылымдары бір мыңнан астам адамға қызығушылық бар екенін ашық айтқан.
ТЕРГЕУ
Қашықтан карта рәсімдеу үшін ресейліктер Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алуы керек болған. Қашықтан рәсімдеуге тыйым салынғаннан кейін бұл қызметті делдалдар ұсына бастады, ал кейбір ЖСН заңсыз алынған. «Осторожно, новости» мәліметінше, дәл осы жағдайлар полицияның назарын аударған болуы мүмкін.
КОНТЕКСТ
Ресейліктер Қазақстан банктерінде шот ашуды 2022 жылы жаппай бастады. Себебі сол кезде халықаралық төлем жүйелері Visa мен Mastercard Украинадағы соғысқа байланысты Ресейде жұмысын тоқтатқан еді.