×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Сараптама: Қазақстанда «сұлулыққа» ең көп қаржы жұмсайтын - шымкенттіктер

Бүгін, 14:05
Сараптама: Қазақстанда «сұлулыққа» ең көп қаржы жұмсайтын - шымкенттіктер
ЖИ | Ұлысмедиа

Жергілікті тұрғындар киімге, аяқ киімге және жеке күтім құралдарына Қазақстан бойынша ең көп шығындалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Бірінші кредиттік бюроның» деректеріне сәйкес, 2025 жылдың екінші тоқсанында қала тұрғындарының осы мақсаттарға орташа жан басына шаққандағы шығыны шамамен 36,4 мың теңге болған. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 36%-ға жоғары.

Сонымен қатар, Шымкент халқының табысы республикалық орташа деңгейден төмен: тоқсанына адам басына 267,5 мың теңге, яғни ҚР деңгейінен 26%-ға аз. Осылайша, «сұлулыққа» кететін шығындар ақшалай табыстың 14%-ы, ал ел бойынша орта есеппен бұл екі есе төмен.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай үрдіс бірінші жыл емес жалғасып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында да Шымкент киім, аяқ киім және жеке күтімге абсолютті шығындар бойынша көш бастаған. 2020–2023 жылдары қала көлем жағынан Алматыға жол бергенімен, табыс құрылымындағы осы шығындардың үлесі бойынша бірінші орында болған.

Серіктес жаңалықтары