×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Хакерлік шабуыл: Еуропа әуежайларында жүйеден ақау шықты

Бүгін, 16:12
Хакерлік шабуыл: Еуропа әуежайларында жүйеден ақау шықты
Фото: yahoo news

Еуропаның ірі әуежайларында, соның ішінде Лондондағы Хитроуда жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақау RTX корпорациясына кіретін Collins Aerospace компаниясында тіркелген. Нәтижесінде Лондон, Берлин және Брюссель әуежайлары зардап шекті — ұзын-сонар кезектер пайда болып, ондаған рейс тоқтатылды немесе кешіктірілді. Жексенбі таңына қарай жағдай біршама тұрақталғанымен, кейбір кідірістер әлі де жалғасып жатты. Еуропалық реттеушілер оқиғаға қатысты тергеу бастады.

RTX компаниясы MUSE бағдарламалық қамтамасыз етуінде орын алған «киберқауіпсіздікке қатысты ақау» себеп болғанын растады. Бұл жүйені бірнеше әуе компаниялары пайдаланады. Берлиндегі Бранденбург әуежайы да мәселелердің сақталып отырғанын, бірақ қолмен тіркеу жүйесі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Еуропадағы жүздеген рейстің тіркеу жүйесіне жасалған кибершабуыл салдарынан кешіктірілгені хабарланған болатын. Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы Collins Aerospace, Көлік министрлігі және әуежайлармен бірлесіп, шабуылдың көзін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары