×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Қазақстан мен бес мемлекет халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға шақырды

Бүгін, 08:28
Қазақстан мен бес мемлекет халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға шақырды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, қарулы қақтығыстар кезінде адамгершілікті сақтауға шақырған мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көшбасшылар халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының (ХГҚ) кең ауқымды бұзылуына және одан туындаған адам төзгісіз қасіреттерге қатты алаңдаушылық білдірді. Құжатта барлық мемлекеттер мен қақтығыс тараптарын ХГҚ талаптарын сақтауға, атап айтқанда:
    •    бейбіт тұрғындар мен нысандарды қорғауға;
    •    медицина қызметкерлері мен гуманитарлық ұйым өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыру бар.

Сонымен қатар, соғыс уақытында адамгершілікті қорғау мәселелеріне арналған жаһандық жоғары деңгейдегі кездесу 2026 жылы өтетіні хабарланды.

Бұл мәлімдеме 2024 жылғы 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында іске қосылған халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті арттыру жөніндегі жаһандық бастама шеңберінде жасалды. Бүгінгі күнге дейін бастамаға 89 мемлекет қосылды, ал 130-дан астам ел жеті тақырыптық бағыт бойынша өткен жаһандық және өңірлік консультацияларға қатысқан.

Құжат БҰҰ-ның алты ресми тілінде, сондай-ақ қазақ және португал тілдерінде жарияланып, кең көлемде таратылды.

Серіктес жаңалықтары